Нұрсұлтан Назарбаев өмір стандарты жайында сөз қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы өмір стандарты орташа әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 100 есе шындыққа жақын. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің өмір стандартымыз орташа әлемдік көрсеткішке қарағанда 100 есе шындыққа жақын», - деді Мемлекет басшысы. Осы ретте Қазақстан Президенті адам қажеттілігінің арта түсуі қалыпты құбылыс екендігін баса айтты.

«Сингапур бай мемлекеттердің бірі саналады. Мен елді ұзақ уақыт басқарған бұрынғы басшысынан: «Сіздерде бір адамға 60 мың доллардан келеді. баспанамен қамтамасыз етудесіздер, бәрі де жақсы тұрады. Олардың сұраныстары бар ма?», - деп сұрадым. Ол: «Әрине, болғанда қандай. Пәтерде тұратындар жеке үйлі болғылары келеді. Тойота мініп жүргендер Мерседесі болғанын қалайды», - деп жауап берген еді. Бұл дұрыс та. Адамның ынтызарлығы жұмыс істеуге, ақша табуға итермелейді және бүкіл қоғамды ілгерілетеді»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.