«Қазақстанның Тұңғыш Президенті орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті», - делінген Елбасы сайтында.
15:10, 23 Желтоқсан 2020
Нұрсұлтан Назарбаев отандық бизнесменге мемлекеттік награда табыс етті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «BSB» Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Рашит Сарсеновке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.