«Қазақстан заңнамасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына арнайы артықшылықтар берген нормалардан толық тазарды деп айта аламыз ба?» - деп сұрақ қойды тілшілер Үкімет кулуарында.
«Бұл жұмыс жалғасып жатыр және заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, бірақ мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңды жүзеге асырудың қисынды жалғасы болды. Жұмыс әлі де жүргізілуде», - деп жауап берді Әділет министрі.
Сонымен бірге, журналистер бұрынғы президент пен оның отбасында қандай артықшылықтар қалғанын сұрады.
«Оның (Н. Назарбаевтың – ред.) қол сұғылмаушылық кепілдігі бар, көлік қызметіне құқығы бар, тиісті тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл кепілдіктер оның отбасына берілмейді», - деді А.Есқараев.