Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ Астананың көрікті орындарын аралады
16:27, 27 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен бірге Астананың көрікті орындарын аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Синдзо Абэмен бірге «Қазақстан» орталық концерт залына, сондай-ақ «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды.