Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі болды

Фото: None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлады РФ Президентінің ресми сайты.

Ресей мемлекетінің басшысы Астанаға Кедендік одақ пен Ресейдің, Беларусьтің және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігінің жоғарғы органы - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуға келді.

Кеше Ресей президенті Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бейресми саммитіне қатысты.