«Нұрсұлтан Назарбаев туралы көп жазылды және жазыла береді. Оның Қазақстанның жаңа тарихындағы рөлі, тұлға ретіндегі қарқыны, жеке қасиеттері, Отан мен халық алдындағы еңбегі жайында әлі талай айтылады. Тұңғыш Президенттің ерекше қаситеттерінің бірі - халқымыздың кемеңгерлігіне сенуі», - деп жазды Зарема Шәукенова Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда саяси көшбасшылық факторы үлкен мәнге ие.
«Саяси көшбасшылардың мойнында үлкен тарихи міндет пен жауапкершілік тұрады. Олар мемлекет пен қоғамның түбегейлі өзгеру процесін басқарады. Нұрсұлтан Назарбаев феномені президенттік институттан өсіп, Ұлт көшбасшысы - Елбасы деңгейіне жеткен. Мұны Н. Назарбаевтың әлеуметтік мониторингтердегі рейтингі айғақтайды. Оның рейтингі дағдарысқа толы 2008-2009 жылдары да 85% төмен түспеген. Бұл да көптеген қазақстандықтар үшін Елбасының түрақтылық кепілі бола алғанын білдіреді. Нәтижесінде демократиялық, өз күшіне сенімді, әлеуметке бағытталған, әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан бар», - деді ол.
Н. Назарбаевтың еңбегін халықтың мойындауы мемлекеттік билікті бір адамның ұзақ басқаруынан туындайтын «саяси сананың ескіруі» феноменін жояды.
«Көптеген шетелдік сарапшылар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси тұрақтылығын маңызды саяси ресурс және әлеуметтік капитал ретінде қабылдайды. Британдық жазушы Джонатан Айткен Нұрсұлтан Әбішұлы туралы былай деп жазған: «Ол сұңғыла саясаткер және бірегей саяси ұзақ басқарушы. Халықаралық аренада өзін табысты, байқағыш саясаткер ретінде қалыптастыра алды». Табысты президенттік институты қиын саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қазақстан басшысы саяси көшбасшы ретінде үлгі бола алды, зияткерлік инновацияларды дәстүрмен, беделмен, тұрмыстық тәжірибемен және зор прагматизммен ұштастыра білді. Сондықтан, Назарбаевтың барлық саяси және экономикалық жобалары табысты болды», - дейді Зарема Шәукенова.