Нұрсұлтан Назарбаев: Президенттің жұмысы - қол қою немесе бұйрықпен шектелмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жұмысын ұнатанынын және бұған қоса күрделі екенін де айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астана» телеарнасының тілшісі Мемлекет басшысының жұмыс кестесі тым қауырт екенін, өткен аптада ғана Президенттің қатысуымен «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылуы, одан кейін ИЫҰ саммитінің өткенін, күніне екі жақты 8 кездесуге қатысатынын айтып өтті.

«Осыған қарамастан біз сіздерді осында шақырдық. Жоқ, аздап демалып алу үшін», - деп әзілдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің сөзіне сәйкес, елге басшы болу оңай жұмыс емес.

«Президенттің жұмысы - қол қоюмен немесе бұйрықпен, заңмен немесе кездесулермен шектелмейді. Жұмыстың 90 проценті бұқаралық ақпарат құралдарына көрінетін ақпараттан тыс жатыр. Сіздерге айтарым - бұл ауыр жұмыс. Өз тәжірибеңмен бірге, денсаулықтың мықтылығы мен қайрат-жігерді, психологиялық және эмоциялық қуатты талап етеді. Әрине, өз қалауыңдағы жұмыс болғандықтан, бұл да көмек бола алады. Конфуцийдің «Өзіңе жағатын жұмысты таңдап ал - сол кезде ғана өмір бойы жұмыс істемейтін боласың» деген сөзі бар емес пе. Мұнда күндіз-түні тынымсыз еңбек ету керек. Әлбетте, оңай емес. Бірақ, мен ертеңгі күнді жоспарлап, өткізіп, содан кейін кешқұрым қуануды үйреніп қалғанмын. Сіздер де солай етіңіздер», - деді Мемлекет басшысы.