«Әрине, біз Орталық Азия елдерімен және Қазақстанмен ғана шектеліп қаламыз деп айтпаймыз. Бізде Ресей мен Қытай Халық Республикасы сияқты алып көршілер бар, олармен үлкен байланыстамыз. Барлық көліктік бағдарлар - бұл Ресей, ал Жібек жолы - бұл Қытай», - деді Елбасы.
Қазақстан Президенті аталған алып елдермен, үлкен нарықтармен ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыра беретіндігімізді айтты.
«Ресейде сайлаудың жақсы өтуіне тілектеспіз. Әрине, біз Владимир Владимирович Путинге сәттілік тілейміз», - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кездесу жемісті болатындығына, қол жеткізілген уағдаластықтар мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың игілігіне қызмет ететіндігіне сенім артты.
Айта кетейік, кеңеске Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Меджлисі төрайымы Акджа Нурбердыева ханым қатысуда.