Мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытудың перспективаларын қарастырды.
«Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз - қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы 9 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесуіміз - жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады», - деді Қазақстан Президенті.