Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Түркияға барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Анкара қаласына сапар барысында Қазақстан Президентінің Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясы рәсіміне қатысуы жоспарланған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетелдік мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді» делінген хабарламада.