Нұрсұлтан Назарбаев: Шаршаған кезде Шамалғанды еске аламын
Оны жерлестері үлкен сый-құрметпен қарсы алды. Елбасы өзінің осы ұядан ұшқан сәтін еске алды.
«1958 жылы осы Шамалғаннан шетке кетіп 20 жылдан соң Алматыға қайтып келдім. Кішкентайымнан осы жерде өстім. Ата-бабамыз Қаратаудың баурайында ағайын-туған, құда-жекжат барлығы осы Шамалғанда. Жастар әлі біле бермейді. Уақыт келгенде ауылыңа келгенде жастық шақ еске түседі. Мемлекетті аяғынан нық тұрғызу үшін қанша қиын-қыстау уақыттардан өттім. Тауда, сай-сайларда әкеммен жүргенім еске түскен кезде барлық шаршағаным ұмытылғандай болады. Сондықтан адамның кіндік кескен жері ыстық. Адам туған жерін сүю арқылы үлкен Отанын сүйіп патриот болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салсақ, Елбасының жергілікті тұрғындармен кездесуі «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының алдында өтетіндігі туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.