АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты, деп жазады vesti.kz.
«Мемлекет басшысы Сочидегі Қысқы Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр», - деп келтірген Е. Ыдырысовтың сөзін Twitter-дегі ҚР СІМ-нің ресми аккаунты.
Айта кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7 ақпанында басталады. Шара Олимпиадалық «Фишт» стадионында өтеді және бұл салтанатты рәсім үш сағатқа созылмақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.