Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ташкентте Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысады. Әуежайда Н.Назарбаевты Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды», деп жазды баспасөз хатшысы.