Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты дерек
12:22, 01 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты деректі жариялады.
1. Дүниеге келгендегі салмағы 5 келіні құрады;
2. Атын әжесі (әкесінің анасы) қойды. Ол Құрандағы екі есімді біріктірді;
3. Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған;
4. 3 жыл қатарынан орыс тілінде білім алатын сыныпта оқыды;
5. Жасөспірім кезінде гармоникаға ақша жинау үшін көрші үйінде кірпіш құйған;
6. Мектеп аттестатында бір ғана төрт болған;
7. Мектепті тәмамдаған соң химик болуды жоспарлаған;
8. Днепродзержинсктегі оқуы кезінде күрес бойынша Украинаның спорт шебері атанды;
9. 22 жасында алғаш рет шетелге шықты. Бұл Финляндия елі болды;
10. Ата-анасы Түрксіб құрылысына қатысты;
11. Әкесі балқар тілін жақсы меңгерген;
12. Нағашы атасы молла болған.