Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітап жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы және халқы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқыАссамблеясының бастамасымен жарық көрген бұл жинақ ҚХА Төрағасы, қазақ еліндегіқоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің авторы Нұрсұлтан Назарбаевқаарналған.

«Қазақстан ХалқыАссамблеясы осы тарихи сәтке ерекше мән берді. Бұл шараны әдеттегі жиналысемес, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті айқындайтын, жасампаз идеяларыбар қайталанбас шығарманың көпшілік назарына ұсынылған күні деп қабылетіңіздер. Ел тарихында Ассамблеяның құрылуы маңызды тұрақтандырушы факторболып қалыптасты. Естеріңізде болар, 1995 жылы Қазақстанның саяси жүйесі өзараүйлесімсіздік салдарынан қиын дағдарысқа тап болды. Осы кезде, Елбасыныңшешімімен Ассамблея құрылып, оның халыққа тікелей назар аударуына жол ашылды.Осылайша, билік пен қоғам арасындағы ізгіліктің көпірі орнады. Бұл саясиқадамдағы Нұрсұлтан Әбішұлының сара жолы ешқашан ұмытылмайды», - деді ҚХАТөрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев кітаптың тұсаукесер рәсімінде.


Оның айтуынша,кеңес беруші орган ретінде құрылған Ассамблея, кітапта айтылғандай «жалпыұлттықдиалогтың алаңына» айналды.

«Қазақстандыреформалау мен дамытудың өзекті мәселелерінің барлығында Ассамблеяның үніболды. Бүгінгі таңда Ассамблеяның бастамасы арқасында, біздің өмірімізде Саясиқуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу, Алғыс айту күні, Қазақстанхалқының бірлігі күні секілді ұғымдар пайда болды. Осы аталған рухани істердіңбарлығы, өзінің бастауын Ассамблея сессияларынан алады», - деп өз сөзінжалғастырды Ж. Түймебаев.


Сондай-ақ, ҚХАТөрағасының орынбасары көптеген әлемдік саясаткерлер мен халықаралықсарапшылардың қазақстандық бейбітшілік үлгісін жоғары бағалағанын жеткізді. БҰҰБас хатшылары Кофи Аннан мен Пан Ги Мун ҚХА мен БҰҰ жұмысы мен ұстанымдарынұқсатқан болатын. Ал ресейлік ұлттық стратегия институтының халықаралықбағдарламалар бойынша директоры Юрий Солозобов Ассамблеяны этникалық өкілдіктіңжаңа түрі деп сипаттады.


«Елбасы НұрсұлтанНазарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы саясаты елімізде тұрыпжатқан барлық этностарға теңдей жағдай жасап, бірдей құқықтық еркіндік беруде.Қазақстанда тұрып жатқан барлық халық пен этносаралық топтар – біздің еліміздіңрухани байлығы. Елбасы атап өткендей, жаһандық әлем трансформацияны бастанкешіруде. Экономика, қоғам өмірі, технология түбегейлі өзгеруде. Біз бұлөзгерістерді қабылдаймыз және көп нәрсеге үйренеміз. Қоғам бірлігі менэтносаралық келісім өтпелі кезеңде тұрақты әрі түбегейлі құндылық болыпқалады», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.


Жинақ үш тарауданқұралған. Оның алғашқы бөлігінде ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995-1999жылдары сөйлеген сөздері берілген. «Жеңіс пен жетістікке жігерлендіруші»тарауында Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында қызмет еткен жандардың, ҚХАмүшелерінің Елбасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көргенжарияланымдары топтастырылған. Үшінші тарауда «Халқының Елбасына ақ тілегі»атауымен этно-мәдени бірлестік өкілдерінің Елбасу туралы пікірлері жинақталған.Сондай-ақ, кітапқа Елбасының жеке архивінен алынған және кітапхана қорындасақталған құнды суреттер мен құжаттар енген.

«Елбасы және халқы»кітабы мың данамен жарық көрген. Кітаптар республика кітапханаларына жолданады.