Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.
«Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.