Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді 64 жасқа толуымен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді 64-ке толған туған күнімен құттықтады. Бұл туралы interfax.ru агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТМД мемлекеттерінің басшылары Владимир Путинді бірінші болып құттықтағандығын жеткізді.

«Бірінші кезекте әрине, телефонмен ТМД ұйымына мүше мемлекеттер мен ықпалдастық ұйымдардың басшылары хабарласты. Олардың арасында Назарбаев (Қазақстан Президенті), Мирзиеев (Өзбекстан президентінің м.а, осы елдің Премьер-Министрі), Алиев (Әзербайжан президенті), Атамбаев (Қырғызстан президенті), Рахмон (Тәжікстан президенті). Бұл кісілер ең бірінші болып құттықтады,-деді Песков.

Оның сөзінше, президенттің атына өте көп құттықтаулар келіп жатыр. Сонымен қатар, өзге мемлекеттердің басшыларымен болған телефон арқылы жүргізілген келіссөздер барысында да. Мемлекет басшылары сөйлескен кезде әрине, тек құттықтаулармен ғана шектелмейді, сонымен қатар осы мүмкіндікті қандайда бір келелі мәселелерді талқылау үшін де пайдаланып қалады»,-деді баспасөз хатшысы.