Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО клубы оқушылары шығармашылық жұмыстарының көрмесіне барды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Балалардың көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО клубы оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылған көрмеге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады.

Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты.