Нұрсұлтан Назарбаев жас композитор Рахат-Би Әбдісағынды қабылдады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас композитор Рахат-Би Әбдісағынды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесуде талантты композитор, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздарының бірі Рахат-Би Әбдісағын Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күн сәулесімен нұрланған жол» атты жаңа операсы туралы әңгімеледі.

Музыкалық туынды Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тарихына арналады.

Нұрсұлтан Назарбаев Р.Әбдісағынға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.