Нұрсұлтан Назарбаев жастар жайлы: Жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендерге мүмкіндік беру керек. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақ» қауымдастығында үлкен әлеует бар.Қауымдастық қазіргі таңда 10 мың адамды біріктіріп отыр. Бәрін де бір кездерімемлекет оқуға жіберді. Ал қазір ата-аналар балаларын шетелде оқытуға одан ары құмар. Бүгінгі таңдаҚазақстан сыртында біздің 60 мыңға тарта отандасымыз оқып жатыр. Тіпті, одан да көп болуы мүмкін. Ресейдіңөзінде ғана – 16мың. Олар келіп, жұмысын істейді. Олармен жұмысты жалғастыру керек», - дедіТұңғыш Президент.

Елбасы бір кездері «Болашақ» бойынша оқу бітіріпкелгендер жаппай облыстарға тарап, еңбек еткенін еске алды.

«Олар аудан және облыс әкімдерінің орынбасары болды.Неліктен бұл жұмыс тоқтап қалды? Міне, мәселен, біз оқуға жібергендердің бірі –Алтай Көлгінов. Кезінде біз оны арнайы оқуға жібердік, ал бүгін ол қала басшылығында отыр. Осындайазаматтар көп. Бәрін не үшін дайындадық? Қазір отырып алып, орындықты бергімізкелмейді. Олардың жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Әйтпесе, бір жергетоқтап, дамымай қаламыз. Сол себепті, келесі жылдың көктемінде өтетін «Jas Otan» съезінде білімді жастардыжұмылдыруды талқылауды ұсынамын», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар