Нұрсұлтан Назарбаев жастарға өзінің жұмыс қабілетінің құпиясы туралы айтып берді

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқығаннан кейін студенттердің сұрақтарына жауап бере келіп, өзінің жұмыс қабілетінің құпиясы туралы айтып берді.

«Сіз өзіңіздің ақыл-ойыңыз бен сергектігіңізді қалай сақтап отырасыз. Тағы қандай қасиеттер Сізге өз жұмысыңызға көмектеседі?-  деп сұрақ қойды студенттердің бірі Мемлекет басшысына.

«Біріншіден, мен адам ақыл ой-қабілетін, зердесін үнемі шынықтырып отыруы тиіс деп санаймын», деді Н.Назарбаев, ол ғалымдар шығармашыл адамдар ұзақ өмір сүретінін дәлелдегенін айтты, өйткені бәрін ми басқарады.

«Өздеріңіз білесіздер, менің жұмысым көп. Кейде мен жұмысымның қашан аяқталатынын, тәуліктің қай сәтінде басталатынын де білмеймін. Түнде де жұмыс жасауға тура келеді. Әрине - бұл дұрыс емес. Алайда бұл көп жылдар бойы қалыптасқан дағды, - менің өмірімнің стилі», деген Елбасы «өзіңді сергек ұстау үшін өз жұмысыңды сүйе білу қажет», деп атап көрсетті.

Сонымен қатар ол жастардың салауатты өмір салтын ұстануына кеңес берді. Мемлекет басшысы жастарға күн сайын таңертең  дене шынықтыру  жаттығуларымен айналысатынын айтты. «Мен 40 минут бойы жаттығу жасап, қан тамырларының жұмыс істеуіне, жүрек соғуының жақсаруына күш саламын», - деді Н.Назарбаев.