"Өкінішке қарай, тәжірибе жүзінде әділдікті іздеген біздің азаматтар жоғары сот инстанциясына немесе прокуратураға жүгінуге мәжбүр. Тек ағымдағы жылы азаматтық істер бойынша прокуратураның наразылығы тұрғысында Жоғарғы сот төмен сатыдағы соттардың 63 шешімін қайта қарады. Демек, біз барлық құқықтарды беріп, барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілген төмен сатыдағы соттар өздерінің қызметін орындамай отыр",-деді Президент Астанада басталған Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде.
Осы орайда Мемлекет басшысы бұл кемшіліктер басталған реформалардың әлі де соңына дейін жеткізілмегенін байқатып отырғанын айтты.
Елбасының пайымынша, сондықтан да сот қызметін жақсарту мен беделін арттыру бойынша жүйелі түрде күнделікті көп еңбекті талап ететін жұмыс қажет.
"Азаматтар тарапынан алаңдаушылық үшін себеп бар. Әсіресе, бұл кейбір судьялар бұзушылықтарға жол беріп жатқанда өзекті. Тек ағымдағы жылы тәртіптік тұрғыда 32 судья жазаланып, тағы екеуі жағымсыз уәждер бойынша қызметінен босатылды. Бұл көрсеткіш бұрынғыға қарағанда төмен болуы мүмкін, алайда осы жағдай жұртшылықты жұбатпайды", - деді Н. Назарбаев.