Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды
15:27, 26 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті сапары барысында Минск қаласындағы Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық комиссия төрағалары орынбасарларының кездесуіне қатысуы, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.