Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге келді

None
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Сапар аясында бүгін, 19 желтоқсанда ҚР Президенті ресейлік және беларустық әріптестерімен бірге Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысына қатысады. Бұл тетік ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің ауқымындағы Кеден одағы Жоғарғы органының орнын басты.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012 жылдың қаңтарында іске қосу белгіленген БЭК шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың күшіне енуі туралы шешім қабылдау жоспарлануда.

Күн тәртібінің маңызды пункті Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) туралы мәселе болмақ. Отырыс барысында ЕЭК жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған құжаттар бумасын қабылдау жоспарлануда.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің 17 халықаралық шарттарын 2012 жылдың 1 қаңтарына күшіне енгізу туралы шешімге қол қою жоспарлануда, бұл тауарлар және қызметтермен қатар капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кеден одағының бір немесе бірнеше мүшесі Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылған жағдайда оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүше-мемлекеттердің басқа да халықаралық бірлестіктерге қатысуыа көздейтін тетік құру мақсатында еден одағының көпжақты сауда жүйесі ауқымындағы қызметі туралы 2011 жылғы 19 мамырдағы шарттың күшіне енуі туралы шешімдерді қабылдау күтілуде.

Бүгін сонымен қатар түстен кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекетаралық кеңесінің отрысы өтеді, оған ЕураАзЭҚ-тің бес мүше мемлекеттерінің: Беларус, Қазақстан Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары қатысады.

ЕурАзЭҚ бес мемлекетінің көшбасшылары ЕурАзЭҚ Соты қызметінің негізгі қырларына қатысты мемлекетаралық кеңестің бірқатар шешімдеріне қол қояды.

19 желтоқсанда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында ЕурАзЭҚ артықшылықтары мен имунитеттері туралы Конвенцияға қол қойылады, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу үдерісін елеулі түрде жеңілдететін ЕурАзЭҚ мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын жасаудың және жүзеге асырудың жаңа тәртібі бекітіледі.