Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Сапар барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырыстарына қатысуы жоспарланған.
Сондай-ақ Беларусь еліне Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Армения Президенті Серж Саргсян да келді. Олар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына және шақырылған мәртебелі меймандар ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.