Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа университеттің Құрметті докторы атағы берілгені мәлім болды.
Университеттің аудиториясы алдында сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысы украин халқына деген құрметі ерекше екенін, өзінің студенттік кездерін сағынышпен еске алатынын айтты.
- Мен осында өмірге жолдама алдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.