«Президенттің отставкаға кетуі өте өкінішті. Дегенмен, Марубени корпорациясы Қазақстанмен ынтымақтастығын өзгертуге деген ниеті жоқ, сондай-ақ алдағы уақытта да әртүрлі формада бірге жұмыс істейміз деп ойлаймын.
Алдымен, бұрын біздің компаниямыздың Қазақстанда қол жеткізген жетістіктері жөнінде сөз қозғайтын болсам, Астана әуежайының модернизациясына қатысты жоба, «Қазатомөнеркәсіппен» бірлесіп жасап отырған уранды өндіру жобасы, сондай-ақ соңғы уақытта Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына қатысты жобалар бар. Енді алдағы уақыттағы жаңа жобалар ретінде көліктік инфрақұрылым және химия саласындағы зауытқа қатысты байланыстар бойынша ынтымақтасамыз деп ойлаймын»,-дейді Мицуаки Арито.
Оның айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев күш салып, көшбасшылық көрсетуінің арқасында инвестициялық қатынастар үлкен қарқынмен дамып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен ерлігінің нәтижесінде инвестициялық климат жеткілікті түрде жақсарды.
«Жалпы Н.Назарбаев алғашқы Кеңес Үкіметінен тәуелсіз мемлекетке айналған жаңа Қазақстанға 30 жылға жуық уақыт бойы жетекшілік етті. Соның ішінде Жапониямен ынтымақтастық тұрғысында жаңа атап өткендей, уранды өңдеу, сондай-ақ әртүрлі компаниялардың көптеген салалар бойынша бизнес жасауға және ең бастысы екі елдің бірін-бірі тануына деген қызығушылықтар айқыныс көрініс тапты. Осының барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігінің арқасы деп ойлаймын. Ал Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Н.Назарбаевтың алға қойған бағыты бойынша жаңа Қазақстанды құрады деген ойдамын»,-деді корпорация менеджері.