Степан Месич Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
«Сіздің сырқаттанып қалғаныңыз туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдадым.
Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді, күш-қайрат пен сарқылмас оптимизм тілеймін», - делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді.