Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуы туралы желіге түрлі жазбалар жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе кішкентай балалар Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент еместігін естіп, жылап қалған.

Балалармен бірге, қазақстандық әйелдердің де Елбасын қимай, орнына жақсы Президент тілейтін аудиожазбалары әп сәтте желіге таралды.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азияда өз еркімен кеткен алғашқы президент екені айтылды.

Тағы бір желі қолданушысы қазақтың өзекті оқиғаға байланысты ат қою ырымын еске салып, Қасымжомарт есімді сәбилердің көбейтетін айтып, сәуегейлік танытты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуын жарнамалық мақсатта қолданған компаниялар да бар. Aviata компаниясы «Бұрынғыдай Назарбаевта жұмыс істейміз» ұранын жариялады. Осылайша, компания өз кеңсесінің Назарбаев көшесі, 137-үйде орналасқанын меңзеген.

Авангард хоккей клубы да Барыс клубын 5:0 есебімен жеңуі мен Елбасы мәлімдемесін ұштастырып, ұтымды қалжыңдай білді.

Соңғы жаңалықтар