«Нұрсұлтан Назарбаевтың моделін» ғалымдар ғана емес, мемлекет басшылары және халықаралық ұйымдардың көшбасшылары зерттеуде - Е. Тоғжанов
«Қазақстан этносаралық толеранттық пен қоғамдық келiсiмнiң тиiмдi үлгiсi орныққан елдердің бірі ретінде әлемге әйгілі. Дүниежүзі бұл үлгіні «Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі» деп таныды», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, Қазақстанның ұлтаралық келісім және еуразиялық ықпалдастық саласындағы тәжірибесі ғалымдармен ғана емес, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйымдардың көшбасшыларымен зерттелуде.
Қазақстандық модель БҰҰ, ЕҚЫҰ ұйымдарында және Женева, Нью-Иорк, Варшава, Копенгаген, Вена форумдарында таныстырылды. Біз басқа мемлекеттермен елімізде қалыптасқан тәжірибемен және «Нұрсұлтан Назарбаев моделімен» бөлісе аламыз», - дейді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның тұрақтылыққа қатысты нақты тәжірибесін талқылауға арналған шараға отандық ғалымдардан бөлек, әлемнің 13 елінен келген сарапшылар, ғалымдар және саясаттанушылар қатысты.