Елбасы баспасөз қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан Қазақстанның Тұңғыш Президенті тау бөктерінде серуендеп келе жатып «Үшқоңыр»әнін айтқанын көруге болады.
«Көптегенелдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудыңбір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның,сағынышымның алтын қазығы сонда екен…», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.