Отандасымыз ширек финалда украиналық Жан Беленюкпен белдесіп, аса тартысты өткен бәсекеде 3:7 есебімен есе жіберді.
Егер қарсыласы финалға шықса, Нұрсұлтан Тұрсынов жұбаныш белдесуінде сынға түсе алады.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан алғашқы белдесуінде мысырлық балуан Мохамед Мұстафа Метваллимен белдесіп, қарсыласын 10:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Сонымен қатар кеше 77 келіде ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзербайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықпен жеңіп, Олимпиада ойындарының финалына шыққан еді. Енді, бүгін ол Олимпиада алтынын жапониялық Нао Кусакамен сарапқа салады.