Нұрсұлтан Тұрсынов - грек-рим күресінен Азия чемпионы
21:19, 26 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Нұрсұлтан Тұрсынов күрес түрлерінен Астанадағы Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады sports.kz.
85 келііге дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Рустам Ассакаловты жеңді.