Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы - жеңіліп көрмеген америкалық нокаутшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (4-0, 3 КО) 25 қарашада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның қарсыласы 26 жастағы америкалық Эрик Мун (7-0, 6 КО) болады. Жекпе-жек орта салмақта өтеді және ойын алты раундқа жалғасады. Бокс кеші Сергей Ковалев - Вячеслав Шабранскийдің айқасы болатын «Мэдисон Сквер Гарден» (Нью-Йорк) аренасында өтеді.