АСТАНА. KAZINFORM — Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұртан Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей көпсайыстың финалында өнер көрсетті.
Алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 74,397 ұпай жинап, 24 финалистің арасында 23-орынға тұрақтады.
Жарыста Жапония өкілі Дайки Хасимото 85,998 ұпаймен чемпион атанды. Қытайлық Ян Хаонань 84,199 ұпаймен күміс медальға ие болса, Ұлыбритания спортшысы Джо Фрейзер 83,531 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін спорттық гимнастикадан Роттердамдағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтынын жазғанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.