«Самая Вышка» әні - плагиат. Оған клип түсірмес бұрын біз жігіттерден авторлық құқық туралы сұрап едік. Олардың бәрі ойдағыдай деп жауап берген болатын. Жуықта YouTube желісін ақтарып отырып, «Нұртас Адамбай нені жасырады?» деген видеоны көріп қалдым. Содан кейін осы әнді орындайтын жігіттердің бірнеше нотаны қайта өңдей салғанын ғана білдім. Бірақ, жігіттер әнді алғаш шығарған кезде міне бізде осындай дарындар шығып жатыр деп қуанғаным есімде. Олай болмай қалды. Өкінішті-ақ», - дейді Нұртас Адамбай өзінің Instagram парақшасында.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіден аталған әншілердің әнін естігеннен кейін Нұртас Адамбай жас орындаушыларды серіктестікке шақырған болатын. «Мен - Күйеумін» фильміне саундтрек ретінде шыққан «Самая Вышка» әні осы жылдың наурыз айында прокатқа шыққан. Кейін осы әнге клип те түсірілген еді.