Шоуменнің үстінен қозғалған істі тыңдау бүгін WhatsApp мессенжері бейнеконференциясы арқылы өтуі тиіс еді.
«Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге қалды», — деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.
Қалалық сот отырыстың кейінге қалу себебін және қашан өтетінін нақтыламады.
Еске сала кетейік, кеше Нұртас Адамбай діни қызмет туралы заңды бұзды деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.
Атап айтқанда, діни ғимарат салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.