Қазақстандық былғары қолғап шебері 18 рет жеңіске жеткен тәжірибелі боксшыдан басым түсті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек «Барыс-Арена» спорт кешеніндегі кәсіпқой бокс кеші аясында өтті. Айқас 6 раундқа шақталғанымен, Әжбенов қарсыласын бірінші раундта-ақ жер жастандырды.
24 жастағы Нұртас үшін бұл – мансабындағы алтыншы жеңіс. Кәсіпқой бокста алты рет кездесу өткізген жас боксшы жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы бокс кешін британдық MTK Global компаниясы мен америкалық Top Rank ұйымдастырып отыр.