Ол Уэльстің Кардифф қаласында өткен бокс кешіне қатысты. Алты раундтық жекпе-жекте оның қарсыласы 25 жастағы британдық боксшы Крис Адавей (8-50-4, 1 КО) болды. Кездесу ұпай саны бойынша Әжбеновтің айқын басымдығымен аяқталды. Есеп - 60-53. Екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді.
Нұртас үшін бұл кәсіпқой алаңдағы төртінші жеңісі. Адавей осымен 51-рет жеңілген.