Нұртас Солтанұлы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Фото: Фото: "Қазақстан" РТРК баспасөз қызметі

Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Солтанұлы 2019 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасын басқарды.

2006-2011 жылдар аралығында Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, 2011-2019 жылдары «Qazaqstan» телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болды.

«Нұртас Солтанұлы Корпорацияда 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылдан астам уақыт аймақтық арнада өте табысты қызмет атқарды. Енді жинаған тәжірибесі мен кәсіби білімін Қазақ радиосын бәсекеге қабілетті етуге жұмсайтынына сенеміз. Радионың алдына қойылған міндет - ұлттық сипатын сақтай отырып, одан әрі дамыту, заманауи, озық медиаға айналдыру», - деді «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.

«Қазақ радиолары» ЖШС құрамына Қазақ Радиосы «Shalqar», «Astana» және «Classic» радиолары кіреді.