Нұртас Солтанұлы «Altai» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұртас Солтанұлы «Altai» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Нұртас Солтанұлы 2011 жылдан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. 13 жыл бойы «Qazaqstan» арнасында еңбек етіп келеді.



Фото: facebook.com/people/Нұртас-Солтанұлы
Соңғы жаңалықтар