«Астана халықаралық әуежайына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Үкіметтің қаулысын өте дұрыс деп ойлаймын. Атап айтқанда, уақытында шығарылған қаулы. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанды өркендетуге орасан зор үлес қосып отыр. Елбасы Тәуелсіздігімізді тұғырлы қылып, елімізді өркендетіп, халықтық береке-бірлігін ойлап, әрқашан да елімізді ең дамыған 30 мемлекеттердің қатарына қосуға атсалысып жүрген әлемдік деңгейдегі үлкен тұлға. Сондықтан осы шешімді бәрі де қолдайды деп ойлаймын»,-деп тоқталды Н. Сабильянов.
Осы орайда ол әлемдік тәжірибеде әуежайларға сол елді басқарған басшысының, тұлғаның, мемлекетті өркендеткен азаматтың атын беру үрдісі бар екенін еске салып өтті.
«Әлемде 30-дан астам елде мемлекет және үкімет басшыларының есімдері халықаралық әуежайларға қойылған. Сондықтан елімізде жасалып отырған шешім халықтың құрметі болуы керек»,-деді депутат.
Бұдан бұрын хабарланғандай , Астана әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып аталды.