Нұртөре Жүсіп: Дәстүрлі БАҚ - мемлекеттік тілдің қорғаушысы
«Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары газеттер, журналдар нарық жағдайына төтеп бере ала ма, өмір сүре ала ма, болашағы қалай болады деген мәселе туралы әлемде де, оның ішінде Қазақстанда да көптен бері әңгіме орын алып жатыр. Кейбір сарапшылар «газет-журналдар уақытпен бірге жылыстап шыға береді» дегенді айтады. Кейбіреулер «газеттердің күні бітті, өлді не болмаса жақында жаназасын шығарамыз» деген ниетте. Қалай өлтірмеуге болады?», - деді Нұртөре Жүсіп.
«Біздің қазіргі қоғамда ойлауды қойған адамдардың қатары көбейетін сияқты. Өйткені оқуды қойған адамдардың қатары көбейді. Газет те, кітап та оқылмайды. Сонда не үшін шығарып жатырмыз? Қазақстанда жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен әлеуметтік бағдарланған қаншама кітап шығады. Соларды кім оқып жатыр? «Мәдени мұра» аясында 100 томдық «Бабалар сөзі» атты ғаламат энциклопедиялық еңбек жинақталып, сөрелерге қойылды. Қазір бетін ашатын адам бар ма?», - деді ол.
Сонымен қатар газет басшысы қазақтілді басылымдардың мемлекеттік тілді дамытуға рөліне айрықша тоқталып өтті.