Нұртөре Жүсіп Сенат депутаты болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіппен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Журналист, Қазақстан РеспубликасыГуманитарлық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясыныңакадемигі, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының жәнеҚазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты НұртөреБайтілесұлы ЖҮСІП 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетін бітірген. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі,көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасарықызметін атқарған. 1990-1996 жылдары - «Егемен Қазақстан» газеті экономикабөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары. 1996-2002 жылдары - «Жасалаш» газетінің бас редакторы. 2002-2005 жылдары - «Ақ Жол Қазақстан» газетініңбас редакторы. 2005-2006 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры.2006-2008 жылдары - «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдыңақпанынан осы тағайындауға дейін саяси-қоғамдық «Айқын»газетінің бас редакторы,

Оның «Біз кімнен кембіз», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес» аттыпублицистикалық жинақтары жарық көрген.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар