Түйе палуандар сайысында күш сынасқан сырбойылық, қазақ күресінен ҚР спорт шебері Нұрым Сәлімгереев бас жүлде Lada (ВАЗ) Granta автокөлігін жеңіп алды, деп хабарлайды Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрым Сәлімгереев «Қазақстан барысы» турнирінде жақсы өнер көрсетіп, техникалық ерекшелігімен көзге түскені үшін «Көрермендер көзайымы» номицинациясы табысталып, көлік мініп қайтқан болатын. Сонан соң Арал ауданы әкімдігінде жерлестері тағы бір темір тұлпардың кілтін сыйға тартты.