Boxrec.com мәлім еткендей, Сабыров бұл кеште америкалық Ланнело Беллоузбен (20-6-3, 13 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын. Кездесудің не себепті тоқтатылғаны әлі белгісіз. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді.
Еске сала кетейік, Нұрзат 2020 жылдың ақпанында болған соңғы жекпе-жегінде мексикандық боксер Рикардо Флоресті (23-8-1, 15 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.