АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың баспасөзі Монреалдағы бокс кешінде қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыровтың (9-0, 8 КО) жеңісін айрықша атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.
Жетінші раундта Нұрзат Сабыров техникалық нокаутпен аргентиналық Сесар Эрнан Риносоны (15-12-4, 7КО) жеңді.
«Нұрзат Сабыров - бұл шоудың үздік жұлдызы. Бұл өте жақсы жетістік», - деп жазды TVA Sports журналисі Нэнси Оде Туиттердегі парақшасында.
Нұрзат кәсіпқой боксқа 2017 жылдың маусым айында өтті, содан бері 9 рет жеңіске жетті. Боксшы сегіз жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.