Сабыровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген мажарстандық боксшы Ласло Тот (7-0, 6 КО) болды. Он раундтық айқас «суперорта» салмақта өтті. Екінші раундтың басында Нұрзат қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңімпаз атанды. Бұл оның кәсіби рингтегі оныншы жеңісі, ал Мажарстаннан келген боксшы мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.
Еске салайық, Нұрзат Сабыров 2017 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді.