Нұржан Әлтаев: «Тальгодағы» жағдай үшін «ҚТЖ» компаниясы да жауап беруі керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев «Тальгодағы» адам зорлау оқиғасы үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясы жауап беру керек деген пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тальгодағы» резонансты оқиғаға келсек, біздіңқарындасымызға қарсы зорлық әрекеті жасалғаны дәлелденіп отыр. Сол қылмыстыжасағандар 2,5 жылға ғана сотталды. Менің ойымша, мұндайға жол берілмеуі керек.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы да бұл оқиға үшінжауапкершілік арқалауы керек. Оларға жолаушылардың қауіпсіздігі сеніптапсырылды. «Тальго» пойызы бізде элиталы көлік саналады. Ал зорлық көрсеткенсол компанияның жолаушылар қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері болып отыр.Сондықтан «ҚЖТ» компаниясы толық жауапкершілік арқалауы керек», - дедіПарламент өкілі.

«Мен зардап шеккен қарындасымызбен жеке сөйлесіп,заңнамалық тұрғыда көмек ұсындым. Оған қазір «ҚТЖ» компаниясына қарсы азаматтыққуыным қозғауға кеңес бердік. Егеркеліссе, бұл іске үздік адвокаттарды тартып, «Қазақстан темір жолы» компаниясыназор көлемде қаржылық жауапкершілік арқалатамыз. Оның ішінде моральдық шығын дарбар», - деді Нұржан Әлтаев.

Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа түскен. Кейін бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді. 26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.


Соңғы жаңалықтар