Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» теларнасының басшылығына тағайындалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы» телеарнасының директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бұрынғы Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Жалауқызыеңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламаларредакторы қызметінен бастаған. 1991 жылы Қазақ радиосының «Шалқар»ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы болыптағайындалды.

1992 - 1994 жылдарыҚазақ радиосының саяси сарапшысы және Бас директордың бірінші орынбасарықызметін атқарды.

1995 - 1997 жылдарыҚР Президентінің баспасөз қызметінде енбек етті.

1997 - 2006 жылдарыҚазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директорорынбасары, атқарушы директоры болды.

2006 - 2011 жылдары«31 телеарнасына» жетекшілік етті.

2011 жылдың шілдеайынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» АҚ ТРК Басқарма төрайымықызметін атқарды.

2016 жылдан бүгінгікүнге дейін «31 арнаның» бас продюсері, «Қазақстан» АҚ ТРК құрамындағы «Қазақ радиолары»ЖШС Бас директоры қызметінде болды.

ҚазақстанРеспубликасының Еңбек сіңірген қайраткері.



Фото: kgr.kz

Соңғы жаңалықтар